ШҚО учаскелік инспекторына зейнеткер әйелді құтқарғаны үшін медаль табыс етілді

ШҚО  учаскелік  инспекторына  зейнеткер әйелді  құтқарғаны үшін  медаль табыс етілді

ШҚО  учаскелік  инспекторына  зейнеткер әйелді  құтқарғаны үшін  медаль табыс етілді  

Шығыс Қазақстан облысында  ШҚО  Полиция департаменті жанындағы Консультативтік-кеңесші  органның  екінші жұмыс кездесуі өтті. Кездесуге «Шығыс Қазақстан облыстық  психикалық денсаулық орталығы»  директорының  орынбасары Бауэр Юрия Владимирович қатысты,  аталған орталық өкілімен  құқық қорғау  органдары  қызметкерлерімен  бірлесіп атқарылған  жұмыстар  талқыланды.  

Отырыс барысында  ШҚО ПД  Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы  бөлімінің бастығы полиция  майоры Руслан Кошкинчинов баяндама жасап, қатысушыларға  есірткі қылмысына қарсы  іс-қимыл бойынша 2020 жылғы  жұмыстың қорытындысын айтып өтті.

Отырыс аясында  ШҚО ПД бастығының орынбасары  полиция полковнигі Ринат Унарбеков Консультативтік-кеңесші  органның  жаңа құрамына  куәліктер тапсырды.

Сондай-ақ, кездесудің соңында Аягөз ауданының  учаскелік полиция инспекторы Айбек Бурмантаевқа құрмет көрсетілді.  Полиция  аға лейтенантына өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және  адамдарды өрттен құтқару  кезінде  көрсеткен батылдығы мен қайсарлығы үшін  ҚР ІІМ-нің  «Құқық тәртібіне қосқан үлесі үшін» медалі салтанатты түрде табыс етілді.  

 Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 25 желтоқсанында А. Бурмантаев  өз өмірін қатерге тігіп,  Аягөз қаласында  жанып жатқан үйдің ішінен   егде әйел адамды алып шыққан болатын.


                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі