
Таңертең ақша, кешке орындықтар: алаяқ Өскемен қаласының тұрғынын жиһазсыз және ақшасыз қалдырды
Ағымдағы жылдың ақпан айының басында Өскемен қ.ПБ «102» жедел арнасына 38 жастағы ер адам осы жылдың қаңтар айының ортасында таныстарының бірі оның үйіне жиһаз жасап беретінін сылтауратып алдау жолымен оның ақшасын иемденгенін айтып жүгінген. Осылайша 200 000 теңге материалдық шығын келтірген.
- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері осыған дейінбірнеше рет сотталған 35 жастағы ер адамды анықтап, жеткізді, ол тергеу әрекеттері барысында кінәсін мойындады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі