Риддерде ер адам күш көрсетіп компьютер процессорын ұрлап кеткен
Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында Риддер қаласының ПБ «102» жедел арнасына 71 жастағы қала тұрғыны белгісіз ер адамның металл қабылдау орнының күзетші бөлмесіне кіріп, оған күш көрсетіп қорқытып ашық түрде оның ұялы телефоны мен компьютер процессорын ұрлап кеткені туралы жүгінген, осылайша жалпы сомасы 99 500 теңгеге материалдық шығын келтірген.
-Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде крминалдық полиция қызметкерлері 34 жастағы екі ер адамды ұстады. Күдіктілер кінәсін мойындады. Іс бойынша заттай дәлелдемелер: ұялы телефон және компьютер процессоры алынды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі