ШҚО тұрғынынан қолдан жасалған тапанша тәркіленді

ШҚО тұрғынынан қолдан жасалған тапанша тәркіленді

ШҚО тұрғынынан қолдан жасалған тапанша тәркіленді

      Ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында Ұлан ауданының полиция бөлімі полиция қызметкерлерімен Пролетарка ауылының 59 жастағы тұрғынынан бір рет оқтаулатын тегіс ұңғылы тапанша, яғни атыс қаруы болып табылатын зат тәркіленді. Сондай-ақ аталған қару 5,6 мм колибрлі дөңгелек патронға арналып, қолдан жасалған. Тапаншаның ақауы жоқ және атуға жарамды, ал тәркіленген 37 зат- спорттық және аңшылық атыс қаруларына арналған оқ-дәрілер болып табылды. Оқ-дәрілер зауыттық әдіспен жасалған және атуға жарамды.

   -Аталған қару қайтыс болған 55 жастағы немере ағасынан қалғаны анықталды, ағасы қаруды шамамен 2010 жылы оған тегін берген. Қару иесі ретінде есепте тұрмайды,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

   Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі