
Дүкен сатушысы 2 миллион теңгеге жуық қаражатты иемденді
Глубокое ауданының ПБ «102»жедел арнасына 52 жастағы дүкен иесі хабарласып,2020 жылдың шілдесінен бастап ағымдағы жылдың қаңтарына дейінгі кезеңде оның сауда нүктесінің сатушысы өзіне сеніп тапсырылған қаражатты,яғни 1 710 000 теңгені өз пайдасына жұмсап тастағанын жеткізді.
- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері Глубокое ауылының 31-жасар тұрғынын бөлімге жеткізді,ал тергеу іс-әрекеттері барысында қылмыскер кінәсін мойындады, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 189-бабы,1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі