Алаяқ әйел Семей қаласының тұрғындарын сан соқтырып кеткен.

Алаяқ әйел Семей қаласының тұрғындарын сан соқтырып кеткен.

Алаяқ әйел Семей қаласының тұрғындарын сан соқтырып кеткен.

Қаңтар айының басында Семей қ.ПБ Әуезов полиция бөлімінің «102» арнасына 37 жастағы қала тұрғыны жүгініп, белгісіз әйел хабарландыру сайты арқылы оның тонын сатып алмақ болып қоңырау соғып, оның ақшасын иемденіп алғаны туралы хабарлаған. Осылайша оған 70 000 теңге сомасына материалдық шығын келтірген.

Сол күні Семей қаласында 25 жастағы қыз да осындай өтінішпен жүгінген. Оған да хабарландыру сайты арқылы белгісіз әйел оның алтын бұйымдарын сатып алмақ болып қоңырау соғып, оның ақшасын иемденген. Жәбірленушіге 75 000 теңге шығын келтірген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 32 жастағы Семей қаласының тұрғынын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді, алаяқ әйел мойындау түсініктемесін берді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі