Өскеменде тұрғылықты мекенжайы жоқ азамат жүксалғыш арқылы автокөліктерге кіріп құрал-жабдықтарды ұрлаған

Өскеменде тұрғылықты мекенжайы жоқ азамат жүксалғыш арқылы автокөліктерге кіріп құрал-жабдықтарды ұрлаған

Өскеменде тұрғылықты мекенжайы жоқ азамат жүксалғыш арқылы автокөліктерге кіріп құрал-жабдықтарды ұрлаған

Қаңтар айының басында Өскемен қ. ПБ Үлбі ПБ «102» жедел арнасына полиция қызметкерлерінен жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде автокөліктерден ұрлық жасады деген күдікпен тұрғылықты мекенжайы жоқ 38 жастағы азамат ұсталғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Күдікті қала аулаларының бірінде тұраққа қойылған «ВАЗ» автокөлігінің салонына құлыпталмаған жүксалғыш арқылы кіріп, 84 мың теңгеге құралдарды ұрлаған. Ұрлағандардың ішінде: көлік сүйреуге арналған арқан, кілттер жиынтығы, бұрағыш жиынтығы, домкрат, дөңгелек кілті, рюкзак, 2 л. антифриз, тежегіш сұйықтығы және битум тазартқыш болған.

- Тергеу барысында, күдіктінің осыған ұқсас қылмысқа қатысы анықталды. Ер адам автокөлігінің салонына құлыпталмаған жүксалғыш арқылы кіріп ол жерден арқан мен домкрат ұрлаған. Келтірілген шығын көлемі 8 500 теңгені құрады,- деді ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мейрамбек Саломбаев.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз-қызметі