
Өскемен қаласында ЖКО салдарынан адам қайтыс болды
Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында шамамен сағ.07.00-де Өскемен қ. «ЖМК-Меновное» айналма жолында «Газель» автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіз жылдамдығын таңдамай жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
ЖКО нәтижесінде дене жарақаттарын алған әйел оқиға орнында қайтыс болды.
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, бірқатар сот-сараптамалары тағайындалды, олардың қорытындылары бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция қызметкерлері жәбірленушінің жеке басын анықтау бойынша шараларды жүзеге асыруда.
ШҚО ПД баспасөз-қызметі