ШҚО-да 40-тан астам жүк автомобильдері аяздың аяқталуын күтуде

ШҚО-да 40-тан астам жүк автомобильдері аяздың аяқталуын күтуде

ШҚО-да 40-тан астам жүк автомобильдері аяздың аяқталуын күтуде

Бұл аязды күндері Шығыс Қазақстан облысының полицейлері облыс тасжолдарын патрульдеп және барлық мұқтаж жандарға көмек көрсетуді жалғастыруда.

Кейбір жүк көліктерінің жүргізушілері бастарын қауіпке тікпей, аяздың аяқталуын күтіп, елді мекендерден тыс шықпауды шешті. Семейден шығар жолда Қалбатау ауылына жолға шыққан 10 көлігі, ал Бородулиха ауылына қарай 5 жүк көлігі тұр. Аягөз қаласының маңындағы кафеде 11 жүк көлігі аяздың аяқталуын күтуде. Алматы-Өскемен тас жолында кафенің жанында 5 жүк көлігі тұр, Қалбатау ауылының маңында барлығы 40-тан астам көлік құралы тұр. Полиция жүк көліктерінің жүргізушілеріне барлық көмек пен қолдау көрсетуде.

- 3 қаңтардан бастап техникалық ақауға байланысты Өскемен – Семей тас жолында екі жүк көлігі сынып тұр. Көліктердің жолдағы қозғалысқа кедергісі жоқ. Жүргізушілер жүк көліктерін жөндеу үшін қосалқы бөлшектерді күтетіндерін айтты. Бұл ауданда патрульдік наряд күні-түні кезекшілік етуді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Шектеулерге қарамастан, көптеген адамдар қатты аязға қарамастан әлі де ұзақ жолға шығуды жалғастыруда. 6 қаңтарда сағат 18: 50-де Омбы-Майқапшағай тас жолында полицейлер 48 жолаушысы бар Қалбатау ауылынан Теміртау қаласына жол тартқан автобусты тоқтатты. Олардың барлығы жергілікті ЖШС жұмысшылары болып шықты. Жолаушылар жақын маңдағы елді мекенде орналастыру туралы ұсыныстан бас тартып, жол бойындағы дәмханада жолдың ашылуын күтуге қалды.

ШҚО Полиция департаментінде ауа райы тұрақталғанға дейін облыс тұрғындарынан өз үйлері мен елді мекендерден тыс кетпеуін сұрайды.

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі