
ШҚО ПД бастығы Риддер қаласы полиция бөлімінің жұмысы және жарақтандырылуы туралы баяндады
Шығыс Қазақстан облысы Полиция дептаментінің бастығы Сағат Мадиев жұмыс сапарымен Риддер қаласында болды, онда ПД бастығы жергілікті құқық қорғау органдарының басшыларымен кездесті.
С.Мадиев ІІМ кеңейтілген Алқасы отырысында ІІО алдына бірқатар міндеттер қойылғанын, олардың кейбіреуін шешу ықпалдастықты талап ететіндігін атап өтті. Облыстың бас полицейінің айтуы бойынша жергілікті полиция қызметін реформалау аса қажет.
«Учаскелік полиция инспекторларының жұмыс істеу жағдайын жақсарту қажет. Үш учаскелік полиция пункті (УПП) жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Полицияның қызметтік үй-жайларына бейнебақылау орнату қажет, барлығы 7 УПП бар, олардың ешқайсысында бейнекамералар жоқ. Бір модульдік полиция бекетін салу қажет, сондай-ақ 29 портативті бейнетіркегіш жетіспейді»,- деп атап көрсетті С. Мадиев.
Сондай-ақ ШҚО ПД бастығы кездесу қатысушыларына ӘІЖБ үшін термопринтерлері бар 17 жиынтық және 10 планшет сатып алу қажеттігін хабарлады. 10 айдың қорытындысы бойынша планшеттердің көмегімен әкімшілік хаттамалар 99% электрондық форматта толтырылатындығын ескерте кеткіміз келеді.
Сонымен қатар, С.Мадиев полиция бөлімі ғимаратының қолданыстағы бейнебақылау жүйесін облыс орталығындағы сияқты кеңейтуге мүмкіндігі бар екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ ШҚО Полиция департаментінің басшысы прокуратурамен бірлесіп үш буынды сотқа дейінгі тергеу модуліне кезең-кезеңмен көшу қажет екендігін де айтып өтті. Прокуратура органдарымен бірлесіп, 2020 жылдың 10 тамызынан бастап процестік шешімдер мен әрекеттерді электрондық енгізу, сондай-ақ олардың заңдылығының сақталуын қадағалау бойынша пилоттық жоба іске асырылуда.
С. Мадиев Риддер қаласының полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеудің сапасы арттырылуы және азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзушылықтарға жол берілмеуі тиіс, сондай-ақ азаматтарды заңсыз қылмыстық іс процестеріне тартуға, сонымен қатар полиция жұмысында рұқсат етілмеген әдістерді қолдануға жол берілмеуі тиіс деп санайды.
ШҚО ПД Баспасөз-қызметі