ШҚО бас полицейі Риддер қаласындағы сапарында қаза болған қызметкерлердің отбасыларына барып қайтты

ШҚО бас полицейі Риддер қаласындағы сапарында қаза болған қызметкерлердің отбасыларына барып қайтты

ШҚО бас полицейі Риддер қаласындағы сапарында қаза болған қызметкерлердің отбасыларына барып қайтты

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев Риддер қаласына жұмыс сапары барысында қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына барып қайтты.

Полицей мамандығы қауіп-қатермен байланысты екендігі бәрімізге мәлім. Өкінішке орай, қайғылы жағдайлар да орын алып жатады, мұндай кезде полиция қызметкерлері көмек қолын созуға және әріптестерінің отбасына қолдау көрсетуге әрқашан дайын. Мұндай игі дәстүрден ШҚО Полиция департаменті де шет қалған емес. Жуықта Сағат Мадиев 1998 жылы өзінің қызметтік борышын орындау барысында қаза болған полиция капитаны Талағат Китаппаевтың отбасында болып қайтты.

Сағат Мадиев Полиция департаментінде өз әріптестерінің ерлік істерін ешқашан естен шығармайтындықтарын, оларға құрметтен қарайтындықтарын атап айтты. ШҚО ПД бастығы Талғат Китаппаевтың жұбайына гүл шоқтары мен ескерткіш сыйлық табыс етті.

«Біз қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан әріптестерімізді жадымызда мәңгілік сақтаймыз»,- деді Сағат Мадиев.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша қызметтік міндеттерін орындау кезінде 46 полиция қызметкері көз жұмған.

Осы аптада Сағат Мадиев жұмыс сапарымен Риддер қаласында болып, онда қалалық полиция бөлімінің жеке құрамымен және ардагерлерімен кездесті.

                                                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі