ШҚО-да "Құқықтық тәртіп" республикалық ЖААШ бастау алды

ШҚО-да "Құқықтық тәртіп" республикалық ЖААШ бастау алды

ШҚО-да "Құқықтық тәртіп" республикалық ЖААШ бастау алды

Шығыс Қазақстан облысының аумағында"Құқықтық тәртіп" республикалық жедел алдын алу шарасы өткізілуде.

Жедел алдын алу іс-шараларының мақсаты- қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу.

-Полиция департаментінің барлық жеке құрамы күшейтілген қызмет түріне көшті. Қала аумағында полиция нарядтарының саны артты. Жедел алдын алу іс-шарасын өткізуге полицияның қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды. Құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» аясында полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілер көшелерді, аулалар, скверлерді, саяжай массивтерін және басқа да қоғамдық орындарды тексереді,- деп толықтырды ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде есепте тұрған азаматтарды тексеруге, заңсыз пәтерлерді жалға беретін адамдарды анықтау мен қару иелерін тексеруге ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, өзге де құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау мен жолын кесуге тәртіп сақшыларының еркеше назарында.

                                                                                        ШҚО ПД баспасөз қызметі