
Алтай ауданында полицейлер мал ұрлығының алдын алды
Алтай ауданы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Алтай – Зубовск тас жолын патрульдеу кезінде Зубовск ауылына қарай арқандаған сиырды жол бойында жетектеп бара жатқан екі ер адамды байқаған.
Мән-жайды анықтау барысында жетектегі мал оларға тиесілі емес екені белгілі болған. Қос қаскүнем жануарды еркін жайылымнан ұрлауға тырысқан. Сиырдың иесі 60 жастағы Алтай қаласының тұрғыны екені анықталды.
Полиция бөліміне жеткізілген күдіктілер өз кінәларын толық мойындады.
Зиянкестердің жеке тұлғалары анықталды, олар– 34 жасар жұмыссыз ер адамдар болып шықты.
Кейінірек, Алтай ауданы ПБ бастығының атына ірі қара мал иесінен алғыс бейне өтініші келіп түсті. Онда азамат полиция қызметкерлерінің кәсібилігін ерекше атап өткен.
Қазір ұрлық жасауға оқталған әрекетке сайкес ҚР ҚК-нің 24-бабының 1-бөлігінде, 188-1 бабының 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
ШҚО ПД Баспасөз қызметі