
ШҚО-да Қызыл кітапқа енгізілген екі құсты еркіне шығарды.
Өскемен қаласында сирек кездесетін ителгі тұқымды құстарды еркіне шығарды. Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың қараша айының басында жер бетінен жойылып бара жатқан құстардың түрі - браконьерлікпен айналысқан облыс орталығының екі тұрғынынан тәркіленді.
Қылмыс "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шара аясында ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы және ШҚО бойынша ҰҚКД-і қызметкерлерінің бірлескен жұмыс нәтижесінде анықталды.
Құтқарылған қос қанаттылар Шығыс – Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай қорығына орналасытырылды.
Мал дәрігерлерімен тексерістен өткен соң және қажетті тергеу іс-әрекеттерінен кейін құстар табиғи ортасына, еркіндікке жіберілді.
Ителгі – сирек кездесетін ірі жыртқыш құс. Оны бүкіл Қазақстан аумағында кездестіруге болады. Айта кетсек, 2020 жылдың нышаны болатын құс – Ителгі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі