Көкпекті ауданының полиция қызметкерлері "ізін суытпай" тонау фактісін ашты.

Көкпекті ауданының полиция қызметкерлері "ізін суытпай" тонау фактісін ашты.

Көкпекті ауданының полиция қызметкерлері "ізін суытпай" тонау фактісін ашты.

Көкпекті ауданы Самар полиция бөлімінің кезекші бөліміне 53 жастағы Самар ауылының тұрғынынан белгісіз біреулердің оның 16-жастағы мүгедек ұлын тонап кеткені туралы арызы келіп түсті.

Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында Көкпекті ауданының полиция қызметкерлері осы оқиғаның мән-жайларын анықтады. Белгілі болғандай, жәбірленуші кешке таман дос балаға кетіп бара жатқанда кенеттен алдынан бейтаныс екі жігіт жолын бөгеген. Олар кәмелетке толмаған жасөспірімді сөзбен қорлап, қорқытып, қолындағы ұялы телефонын беруін талап еткен. Жәбірленуші өз гаджетін беруге бас тартқан сәтте, бұзақылар өрескел күш көрсетіп, жасөспірімді ұрып-соғып, қолдандағы құны 90 000 теңгелік смартфонын күштеп тартып алған.

-Тәртіп сақшылары қысқа мерзімде күдіктілерді ұстады. Қылмысқа қатысы бар күдіктілер жәбірленушінің ауылдастары болып шықты. Ұстау кезінде екі ер адам өз кінәларін толығымен мойындады. Телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 191 бабы 2 бөлігі 1 тармағына сәйкес (күш қолдану қатерін төндіріп тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Осы баптың санкциясы мүлікті тәркiлеп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

                                                                                        ШҚО ПД баспасөз қызметі