Автокөлік ұрысы ұсталды

Автокөлік ұрысы ұсталды

                                             

                                                   Автокөлік ұрысы ұсталды

Риддер қалалық полиция бөліміне автокөлігінің төрт дөңгелегін ұрлап кеткені туралы «ВАЗ-2110» көлігінің иесі арызданған. Жәбірленуші өзінің автокөлігін кешкі уақытта қоршалмаған техникалық қызмет көрсету станциясының маңына қойғанын, таңертең жалпы құны 148 000 теңге тұратын автокөлігінің төрт дөңгелегінің ұрланғанын айтқан.

Жүргізілген бірқатар жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 22 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталып, Өскемен қаласында ұсталды.

- Тергеу барысында қаскүнем есігі ашық қалған көлікті байқап, салонға кірген, ол жерден магнитолды ұрлаған. Ұрланған заттарды сатып, түскен қаражатты өз қажеттілігіне жұмсаған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 300 000 теңгені құрайды. Ұрланған заттар алыпсатарлардан табылып, тәркіленді,-деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Ұрлық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы 3 тармағы 3 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

                                                                                   ШҚО ПД баспасөз қызметі