Апалы-сіңілілер дер кезінде құтқарылды

Апалы-сіңілілер дер кезінде құтқарылды

                                                      

https://youtu.be/RlCfNq_4CDI - видео

                                      Апалы-сіңілілер дер кезінде құтқарылды

Бүгін таңертең «102» жедел арнасына жеке меншік секторлардың бірінде үй өртеніп жатқаны туралы харбар келіп түсті. Аталған шақыртуға жедел түрде Өскемен қ. ПБ ППБ «Кыран-36» экипажы бағытталды.

Оқиға орнына жеткен соң полиция қызметкерлері түтін алып жатқан үйді байқаған. Үйдің ішінен айел адамның көмек сұраған дауысын естіген ППБ қызмет инспекторлары полиция аға лейтенанты Қанат Қасымханов және  Ғинаятов Мирхат әйел адамның дауысы қайдан шығып жатқанын анықтау мақсатында екі жаққа бөлінуге шешім қабылдайды.

Көп ұзамай  Өскемен қ. ПБ ППБ қызметкерлерінің бірі терезені сындыру арқылы әйел адамды үй ішінен алып шығады. Құтқарылған әйел адам 1 топтағы мүгедет болып шықты. Сол сәтте әйел адам үй ішінде оның апайы бар екендігін айтып жеткізеді. Апайы да мүмкіндігі шектеулі адам екені туралы айтады.

Кідірместен полиция қызметкерлері екінші адамды  іздеуге кіріседі. Өрт түтіні қалың болғандықтан іздеу нәтиже бермеген. Үй ішін толығымен көк түтін басқан. Осы уақытта ТЖД қызметкерлі келіп жетіп, апайын алып шығады. Қазіргі уақытта апалы-сіңілілер ауруханаға жеткізілді.

                                                                            Өскемен қ. ПБ баспасөз қызметі