Современные технологии для контроля за соблюдением домашнего ареста

Современные технологии для контроля за соблюдением домашнего ареста

Үйқамақ талаптарының сақталуын бақылаудың заманауи технологиялары

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде басшылық пен тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері «Savana Group» ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Компания өкілдері полиция қызметкерлеріне үйқамақта отырған адамдарға қатысты қолдануға болатын заманауи электрондық бақылау құралдарын таныстырды. Мамандар жабдықтың техникалық сипаттамалары, жұмыс істеу қағидаты және адамның орналасқан жерін бақылау мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Сондай-ақ техникалық құралдардың сот белгілеген шектеулердің сақталуын қалай бақылауға мүмкіндік беретіні көрсетілді.

Кездесу барысында тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері үйқамақ талаптарының сақталуын бақылауда қолдануға болатын заманауи шешімдермен іс жүзінде танысуға мүмкіндік алды.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі