
АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР, АЛАЯҚТАР! Полиция мен ШҚО білім басқармасы ата-аналарға ескерту жасайды
Жаңа оқу жылы қарсаңында мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде интернет-алаяқтардың белсенділігі артты. Олар мектеп формасын сатып алуға материалдық көмек көрсетілетіні туралы жалған ақпарат таратып, азаматтарға күмәнді сілтемелер жібереді және жеке мәліметтерін алуға тырысады.
Әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға берілетін мемлекеттік көмек баланың білім алатын мектебіне, яғни білім беру ұйымына жеке жүгіну арқылы ғана рәсімделеді.
ШҚО Полиция департаменті азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырады:
Қырағы болыңыздар! Кез келген ақпаратқа бірден сенбей, оның шынайылығын тексеріңіздер. Жеке деректеріңізді алаяқтардан қорғаңыздар.
ШҚО ПД баспасөз қызметі