ШҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда: жыл басынан бері 6 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды

ШҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда: жыл басынан бері 6 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды

ШҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда: жыл басынан бері 6 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды

Шығыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылау және қоршаған ортаны ластау деректерін анықтау мақсатында күн сайын рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Бүгінде өңірде 16 мобильді топ жұмыс істейді. Олардың жұмысының нәтижесінде 6 195 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде:

  • 5 057 – абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін;
  • 1 138 – ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін.

Сондай-ақ рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жоюға ерекше назар аударылуда. Есепті кезеңде 133 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталып, олардың 108-і жойылды. Қалған нысандарды жою жұмыстары жалғасуда.

Бұдан бөлек, құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен заңды тұлғалардың атына олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы 80 ұсыныс енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті өңір тұрғындарын қоршаған ортаға ұқыпты қарап, абаттандыру қағидаларын сақтауға шақырады. Өңір тазалығы – әрбір азаматтың жауапкершілігі.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі