Шығыс Қазақстан облысының полициясы «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасының аралық қорытындыларын шығарды

Шығыс Қазақстан облысының полициясы «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасының аралық қорытындыларын шығарды

Шығыс Қазақстан облысының полициясы «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасының аралық қорытындыларын шығарды

Шығыс Қазақстан облысының аумағында есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасауға, оны тарату арналарының жолын кесуге, жабайы қарасора өсетін алқаптарды жоюға және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған республикалық «Қарасора-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Іс-шараға 224 полиция қызметкері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 20 әскери қызметшісі және Кинологиялық қызмет орталығының 21 қызметтік-іздестіру иті жұмылдырылған. Облыс аумағында «Тарлан», «Жасын» және «Рубеж» бекеттері жұмыс істеуде. Қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 13 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Жедел-профилактикалық іс-шара басталғалы полиция қызметкерлері 51 қылмыстық есірткі құқық бұзушылығын, оның ішінде 37 есірткі қылмысын анықтады. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіруге арналған үш фитозертхана жойылып, заңсыз айналымнан 30 кг астам есірткі заты тәркіленді. Сонымен қатар, 20 гектардан астам жабайы қарасора алқабы жойылды.

Алдын алу жұмыстары да жүйелі түрде жүргізілуде. Іс-шара басталғалы 59 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, оған 45 мыңнан астам адам қамтылды.

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес пен есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыра береді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі