Үлкен жеңістерге бастар жол: ШҚО-да жасөспірімдер арасында дзюдо турнирі өтті

Үлкен жеңістерге бастар жол: ШҚО-да жасөспірімдер арасында дзюдо турнирі өтті

Үлкен жеңістерге бастар жол: ШҚО-да жасөспірімдер арасында дзюдо турнирі өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Арлан» спорт клубының қолдауымен Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Арнайы және кәсіби даярлық басқармасы 2010–2012 жылы туған жасөспірімдер арасында ашық қалалық дзюдо турнирін өткізді.

Татамиде облыс орталығындағы «AQTAI JUDO CLUB», «Адал» және «Жеңіс» спорт клубтарының намысын қорғаған 90-нан астам жас спортшы бақ сынады. Жарыс әділ тартыс, спорттық рух пен өзара құрмет атмосферасында өтті. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, қайсар мінезін және жеңіске деген жігерін көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша 48 дзюдошы І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталды. Сондай-ақ арнайы номинациялар бойынша үздік спортшылар анықталды. «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясы «AQTAI JUDO CLUB» спорт клубының спортшысы Әсейхан Аңсарға берілсе, «Үздік әдіс үшін» жүлдесі осы клубтың тағы бір өкілі Өмірбек Ералыға табысталды.

Жарыстың құрметті қонағы ретінде 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Айдын Смағұлов қатысты. Ол жас спортшыларға арнаған сөзінде балалар мен жасөспірімдер спортын дамытудың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға жаңа жеңістер, өз күштеріне сенім және жетістіктер тіледі.

Татамиде жас спортшылар тек шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар тәртіп, табандылық және қарсыласқа құрмет секілді қасиеттерін де көрсетті. Бұл қасиеттер адамға спортта ғана емес, өмірде де табысқа жетуге көмектеседі.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі