«Граффитиге» қарсы күрес: ШҚО полициясы қабырғаларды есірткі жарнамасынан тазартуда

«Граффитиге» қарсы күрес: ШҚО полициясы қабырғаларды есірткі жарнамасынан тазартуда

«Граффитиге» қарсы күрес: ШҚО полициясы қабырғаларды есірткі жарнамасынан тазартуда

Есірткіге қарсы күрес айлығы аясында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Esbol Qory» қорымен және Облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, есірткі граффитилерін анықтау және жою бойынша акция өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты — тыйым салынған заттардың таралуына тосқауыл қою және жастарды есірткі жасыру секілді қылмыстық әрекеттерге тартылудан қорғау. Акцияға қатысушылар есірткі сату ресурстарына сілтеме жасайтын суреттер мен жазуларды бояп, өшірді.

Жыл басынан бері өңірде осындай 600-ге жуық жарнама жойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде және құқық қорғау органдарының қатаң бақылауында.

Полиция қызметкерлері тұрғындарды бейжай қарамай, есірткі жарнамасы пайда болған жағдайда дереу хабарлауға шақырады. Құзырлы орган өкілдері атап өткендей, жұртшылық пен құқық қорғау органдарының бірлескен күш-жігері өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты кепілі болып табылады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі