Рәміздерге құрмет — Заңға адалдық: ШҚО ПД-да тақырыптық кездесу өтті

Рәміздерге құрмет — Заңға адалдық: ШҚО ПД-да тақырыптық кездесу өтті

Рәміздерге құрмет — Заңға адалдық: ШҚО ПД-да тақырыптық кездесу өтті

Мемлекеттік рәміздер — жай ғана атрибут емес, бұл еліміздің тарихы мен жүріп өткен жолының айқын көрінісі, егемендіктің алтын қазығы және халық бірлігінің кепілі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде «Рәміздер рухы – Конституция күші» атты тақырыптық дәріс өтті.

Жеке құрам алдында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың орталық басшысы Қалиева Бақытгүл Төбиқызы сөз сөйледі. Ол Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның қабылдану тарихына тоқталып, олардың құқықтық мемлекетіміздің іргетасы — Конституциямен ажырамас байланысын айрықша атап өтті.

ШҚО полицейлері үшін бұл тақырыптың маңызы зор. Заңға адал қызмет ету — мемлекетті және оның қастерлі құндылықтарын ардақтаудан бастау алады. Көк байрағымыз, алтын шаңырағымыз бен асқақ Әнұранымыз — халықтың рухы мен жарқын болашаққа деген сенімінің нышаны. Әрбір тәртіп сақшысы осы құндылықтарды күнделікті қызметінде қорғап, биік тұтады.

Мамандыққа адалдық — ең алдымен өз еліне, тарихы мен ұлттық құндылықтарына деген шексіз сүйіспеншіліктен бастау алады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі