Шетелдік қызметкерді Қазақстан өңірлеріне іссапарға жіберу

Шетелдік қызметкерді Қазақстан өңірлеріне іссапарға жіберу

Шетелдік қызметкерді Қазақстан өңірлеріне іссапарға жіберу

Жұмыс беруші шетелдік маманды елдің басқа өңіріне іссапарға жібере алады. Бұл ретте заңда белгіленген ережелерді сақтау маңызды.

Мұндай іссапардың жиынтық мерзімі бір күнтізбелік жыл ішінде 90 күннен аспауы тиіс. Егер қызметкер басқа өңірде ұзағырақ болуы қажет болса, жұмыс берушіге бұл өңір үшін жұмысқа рұқсатты ресімдеу керек, себебі бұрын берілген құжат тек ол алынған жер бойынша ғана жарамды.

Сондай-ақ жұмыс беруші 3 жұмыс күні ішінде көші-қон қызметін шетелдік қызметкердің басқа өңірге келуі туралы хабардар етуге міндетті. Мұны Визалық-көші-қон порталы (vmp.gov.kz) немесе еQonag.kz ақпараттық жүйесі арқылы онлайн режимде жасауға болады.

Бұл ережелерді сақтау жұмыс берушілерге көші-қон заңнамасын бұзуға жол бермеуге және еңбек қызметінің заңдылығын қамтамасыз етуге көмектеседі.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі