Өскеменде полиция полковнигі Серік Қайыпбергеновті еске алуға арналған облыстық волейбол турнирі өтті

Өскеменде полиция полковнигі Серік Қайыпбергеновті еске алуға арналған облыстық волейбол турнирі өтті

Өскеменде полиция полковнигі Серік Қайыпбергеновті еске алуға арналған облыстық волейбол турнирі өтті

Облыс орталығында ішкі істер органдарының ардагері, полиция полковнигі Серік Қайыпбергеновті еске алуға арналған полиция қызметкерлері арасындағы облыстық волейбол турнирі өтті. Спорттық іс-шараны Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Арнайы және кәсіби даярлық басқармасы ұйымдастырды.

Жарысқа облыстың барлық аудан-қалаларынан келген полиция бөлімшелерінің құрама командалары қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында қатысушыларды ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руфат Кажымқанов құттықтады. Ол қызметтік-қолданбалы спортты дамыту, ұжымдық рухты нығайту және ішкі істер органдары ардагерлерінің есімін ұлықтаудың маңыздылығына тоқталып, спортшыларға тартысты ойын, әділ бәсеке және жоғары нәтижелер тіледі.

Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тартысты әрі қызықты ойындарға толы болды. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын мен ауыспалы кубокты Күршім аудандық полиция бөлімінің командасы жеңіп алды. Екінші орын Өскемен қаласы Полиция басқармасының командасына бұйырса, үшінші орынды ШҚО Полиция департаментінің құрама командасы иеленді.

Сондай-ақ турнир барысында жекелеген номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталды. «Үздік ойыншы» атағы Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Жандос Елемановқа берілді. «Үздік шабуылшы» номинациясында Күршім аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ринат Альханов үздік атанды. Ал, «Үздік байланыстырушы» номинациясының жеңімпазы ПД ӘПБ қызметкері, полиция майоры Азамат Аубакиров атанса, «Үздік қорғаушы» атағы Күршім АПБ көші-қон қызметі инспекторы, полиция аға лейтенанты Азат Әділғожинге табысталды.

Осындай спорттық шаралар полиция қызметкерлері арасындағы кәсіби бірлікті нығайтуға, салауатты өмір салтын дәріптеуге және ішкі істер органдары ардагерлерінің жарқын бейнесін ұрпақ жадында сақтауға ықпал етеді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі