«Қауіпсіз жол»: ШҚО- да полиция қызметкерлері жас жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздікке үйретуде

«Қауіпсіз жол»: ШҚО- да полиция қызметкерлері жас жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздікке үйретуде

«Қауіпсіз жол»: ШҚО- да полиция қызметкерлері жас жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздікке үйретуде

Шығыс Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» профилактикалық шаралары жалғасуда. Бұл жолы басты назар – жас жол қозғалысына қатысушыларға аударылды. Полицейлер практикалық сабақтар барысында балаларға велосипед пен самокатты қалай дұрыс басқару керектігін, шлем мен қорғаныш жабдықтарының сән емес, өмірлік қажеттілік екенін, сондай-ақ жолдан өту мәдениетін тағы бір мәрте түсіндірді.

Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Жол-көлік оқиғаларына қатысты деректер көрсеткендей, көбіне балалардың жолға күтпеген жерден шыға келуі немесе басқаруды жоғалтып алуы қайғылы оқиғаларға әкеп соқтырады. Ата-аналар балаларына күнделікті жол ережелерін түсіндіріп, бағдаршам белгілерін дұрыс тануды үйретуі қажет. Сондай-ақ мектепке барар және қайтар жолдың қауіпсіздігін бірге пысықтап, заманауи көлік құралдарын сақтықпен пайдалануды үйрету өте маңызды.

Бұл ретте жүргізушілерден барынша зейінді болу талап етіледі. Мектептердің, аулалардың және аялдамалардың маңынан өткенде, велосипед мінген баланың іс-әрекеті болжаусыз болуы мүмкін екенін есте сақтаған жөн.
Жылдамдықты азайтып, жас жол қозғалысына қатысушыларға мұқият болу – жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі.
Жол-көлік жарақатының алдын алу – тек полицейлердің емес, барша қоғамның жүйелі жұмысын талап етеді.

ШҚО Полиция департаменті әрбір тұрғынды жол тәртібін қатаң сақтауға шақырады. Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз балаларымыз үшін сенімді орта қалыптастыра аламыз.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі