Ардагерлер өнегесі – қызметке адалдықтың үлгісі

Ардагерлер өнегесі – қызметке адалдықтың үлгісі

Ардагерлер өнегесі – қызметке адалдықтың үлгісі

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің есеп беру-сайлау жиналысы өтті.

Кездесуге өңірдің әр жерінен келген делегаттар қатысып, соңғы бес жылдағы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, алдағы жоспарларды талқылап, ұрпақтар сабақтастығын нығайту мәселелерін қарастырды.

Іс-шара Ұлы Отан соғысы мен ішкі істер органдарының ардагері Құрмат Рахимовты бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Оның өмір жолы ерлік пен Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі ретінде аталып өтті.

Жиналғандарды ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков құттықтап сөз сөйледі:

«Сіздер өмірлеріңізді заң мен халыққа қызмет етуге арнадыңыздар. Сіздердің еңбек жолдарыңыз — абыройдың, төзімділіктің және антқа адалдықтың үлгісі. Жас қызметкерлер үшін сіздер әрдайым адамгершілік бағдары мен құқық қорғау қызметінің үздік дәстүрлерінің сақтаушылары болып қала бересіздер».

Жиын барысында ардагерлердің жас қызметкерлерді тәрбиелеудегі және қызметтің озық дәстүрлерін сақтаудағы рөліне ерекше назар аударылды. Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жылдарын арнаған ардагерлер бүгінде де өз тәжірибесімен, білімімен және өмірлік ұстанымдарымен бөлісіп, жүйенің сенімді тірегіне айналып отыр.

Көпжылдық адал қызметі, белсенді қоғамдық жұмысы және ардагерлер қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар ардагерлер алғысхаттармен марапатталды.

Кездесу Полиция департаментінің музейін аралаумен аяқталды. Қонақтар департамент тарихымен танысып, қызмет жылдарын еске алып, естелік суретке түсті.

Ұрпақтар сабақтастығы, аға буын тәжірибесіне деген құрмет және ардагерлер мен қазіргі қызметкерлердің бірлігі құқық қорғау органдары жұмысының маңызды негізі болып қала береді. Дәл осындай байланыс таңдалған жолға адалдықты сақтауға және қоғам сенімін нығайтуға ықпал етеді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі