
Ұрпақтарды біріктіретін естелік
Шығыс Қазақстан облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің рухына тағзым етуге бағытталған «Мәңгілік тағзым» акциясы жалғасуда. Бүгін Полиция департаментінің алаңында ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл дәстүр құқық қорғау органдары қызметкерлерін ел тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігі жолында жанын қиған әріптестерінің ерлігіне құрмет көрсетуге біріктіреді.
Іс-шараға Тергеу басқармасы мен Анықтау басқармасының, Криминалдық полиция басқармасының, Профилактикалық жұмысты үйлестіру басқармасының, сондай-ақ Цифрландыру және жасанды интеллект басқармасының қызметкерлері қатысты. Олар қаза болған қызметкерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Осындай игі дәстүрді жалғастыра отырып, ШҚО полицейлері әріптестерінің ерлігі мен жанқиярлығына тағзым етеді. Олардың өнегелі жолы Отан мен қызметке адалдықтың жарқын үлгісі болып қала береді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі