ШҚО-да есірткіге қарсы айлық басталды: алғашқы күні 50-ден астам есірткі граффитиі жойылды

ШҚО-да есірткіге қарсы айлық басталды: алғашқы күні 50-ден астам есірткі граффитиі жойылды

ШҚО-да есірткіге қарсы айлық басталды: алғашқы күні 50-ден астам есірткі граффитиі жойылды

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында 26 маусым — Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған айлық басталды. Оның басты мақсаты — қоғам назарын есірткі қылмысы мәселесіне аудару және жастар арасында профилактикалық жұмысты күшейту.

Алғашқы іс-шаралардың бірі ретінде ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Жастар Рухы» жастар қанатымен және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлесіп акция өткізді. Акция барысында қатысушылар облыс орталығының көшелеріне шығып, тыйым салынған заттарды таратумен байланысты интернет-ресурстарды жарнамалайтын 50-ден астам есірткі граффитиін бояды.

Сонымен қатар, Өскемен қаласындағы студенттік жатақханаларда профилактикалық рейдтер мен жастармен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесу барысында полицейлер есірткіні қолданудың зардаптары, жастарды интернет арқылы есірткі бизнесіне тарту тәсілдері, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына қатысқаны үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айлық аясында өңірде жастар арасында есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыруға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған профилактикалық, ақпараттық және әлеуметтік іс-шаралар кешені өткізілетін болады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі