
Шығыс Қазақстан облысында 18 мамыр мен 8 маусым аралығында Балаларды қорғау халықаралық күніне орай «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты республикалық флешмоб форматындағы акция өтуде.
Акцияның негізгі мақсаты — қоғамда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, балалардың құқықтарын қорғау және отбасы құндылықтарын нығайту.
Акция аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері болған балаларға ерекше назар аударылуда. Себебі олар — ең осал санаттардың бірі және мемлекет тарапынан дер кезінде көмек пен қорғауды қажет етеді.
Отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері:
Акция аясында учаскелік полиция инспекторлары, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері және мемлекеттік органдардың өкілдері ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын, тұрғындармен кездесулер мен профилактикалық акцияларды өткізуде.
Полицияның басты міндеті — тек тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне әрекет ету ғана емес, олардың алдын алу, балалар мен отбасылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті азаматтарды отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне бейжай қарамауға және мұндай жағдайлар туралы құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлауға шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі