
Есірткі бизнесіне тосқауыл: ШҚТУ-да ашық сұхбат өтті
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Өскеменде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Есірткісіз болашақ сенің қолында» ұранымен студенттермен кездесу өтті.
Шара жастар мен құқық қорғау құрылымдарының сарапшыларын біріктіріп, жастар арасында есірткі қылмысының таралуына сенімді тосқауыл қоюға бағытталған маңызды қадамға айналды.
Аудитория алдында ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Мади Қалиақпаров, «ESBOL QORY» қорының басшысы Жандос Ақтаев, Өскемен қалалық прокуратура бөлімінің прокуроры Аяжан Ержанқызы және «ESBOL QORY» қорының ШҚО бойынша фронт-офисінің жетекшісі Ляйля Төлеубекова сөз сөйледі.
Кездесу «Не книжные закладки» атты шынайы әрі әсерлі фильмді көрсетуден басталды. Экрандағы көріністер қызу пікірталасқа арқау болды. Спикерлер құрғақ сандарды тізбелемей, есірткі курьерінің жүретін жолын толық талдап берді:
Студентер қылмысқа тартылудың шынайы тетіктерін көрді. Сарапшылар бүгінгі таңда ең басты қорғаныс құралы қорқыныш емес, сыни ойлау екенін баса айтты.
«Күмәнді сілтемені әр басқан сайын сіздің бостандығыңыз таразыға түседі. Ақпараттану — бұл қауіпсіздіктің басты кепілі», — деген ой кездесудің негізгі түйіні болды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі