Ұлттық киім – рухани қазына: Шығыс Қазақстан полицейлері мен ардагерлері мектептегі Наурыз мерекесінің қонағы болды

Ұлттық киім – рухани қазына: Шығыс Қазақстан полицейлері мен ардагерлері мектептегі Наурыз мерекесінің қонағы болды

Ұлттық киім – рухани қазына: Шығыс Қазақстан полицейлері мен ардагерлері мектептегі Наурыз мерекесінің қонағы болды

«№30 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де «Наурызнама» онкүндігі аясында «Ұлттық киім күніне» арналған салтанатты шара өтті.

Бұл күні мектеп ауласы мәдени бірліктің орталығына айналды: арнайы киіз үй тігіліп, қонақтар мен қатысушылар мерекелік концертті тамашалады. Оқушылар мен ұстаздар қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетіп, ұлттық киімдердің сән-салтанатын паш етті. Бұл қадам халқымыздың мәдени мұрасының байлығын тағы бір мәрте айшықтады.

Мерекенің құрметті қонақтары қатарында Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев пен ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Манапов болды.

Жиналғандарды мерекемен құттықтаған Серік Тоқтарқанұлы Наурыз мейрамының бірлік пен жаңару жолындағы маңыздылығына тоқталды:

«Наурыз — игі бастамалар мен ізгіліктің уақыты. Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа бейбітшілік, бақ-береке және келісім әкелсін. Ал өскелең ұрпақ ата-бабамыздан қалған асыл дәстүрлерді қастерлеп, көздің қарашығындай сақтайды деп сенемін», — деді ол.

Полиция қызметкерлері рухани құндылықтарды нығайтуға және жастарды ұлттық мәдениетті құрметтеу рухында тәрбиелеуге бағытталған осындай жобаларды алдағы уақытта да қолдай береді.



ШҚО ПД баспасөз қызметі