Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік — баршамызға ортақ жауапкершілік

Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік — баршамызға ортақ жауапкершілік

Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік — баршамызға ортақ жауапкершілік

Наурыздың 10-ы мен 13-і аралығында Қазақстан Республикасының аумағында ауқымды «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған күндері полицейлер қызмет өткерудің күшейтілген режиміне көшіріледі, бұл патрульдік жасақтардың санын көбейтуді және жол жүрісі қағидаларының сақталуын бақылауды нығайту.

Шығыс Қазақстан облысының полициясы жол қозғалысының барлық қатысушыларын жоғары азаматтық жауапкершілік танытуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға шақырады. Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз тыныштық орнатып, келеңсіз оқиғалардың алдын ала аламыз.

Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына және тек азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған тексеру іс-шараларына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.



ШҚО ПД баспасөз қызметі