«Көктемдей көрікті, сертіне берік»: ІІО ардагері Манасова Роза Ғалиқызына құттықтау

«Көктемдей көрікті, сертіне берік»: ІІО ардагері Манасова Роза Ғалиқызына құттықтау

«Көктемдей көрікті, сертіне берік»: ІІО ардагері Манасова Роза Ғалиқызына құттықтау 

8 наурыз мерекесі қарсаңында Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының қызметкерлері өмір жолы бүгінгі әріптестеріне үлгі болып жүрген таңғажайып тұлға — отставкадағы милиция майоры Манасова Роза Ғалиқызын құттықтады. Мерекелік күнде ардагерге көктемгі гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етіліп, көпжылдық қажырлы еңбегі үшін шынайы алғыс білдірілді.

Роза Ғалиқызы — жаны да, тағдыры да ерекше жан. Мамандығы бойынша педагог болса да, 1978 жылы ішкі істер органдарына келіп, өмірін ең күрделі міндеттердің бірі — жасөспірімдермен жұмыс істеуге арнады. 15 жылдан астам уақыт бойы ШҚО ІІБ-нің қабылдау-бөлу бекеті тәрбиеленушілері үшін дана тәлімгер болып, тағдыр тәлкегіне түскен балалардың тура жолға түсуіне көмектесті.

Бұл жылдардың артында тек темірдей тәртіп қана емес, сонымен бірге үлкен мейірім мен жылы жүрек жатыр. Роза Ғалиқызының жоғары кәсібилігі көптеген лайықты марапаттармен атап өтілді: ол 1979, 1987 және 1988 жылдары ШҚО ІІБ-нің Құрмет грамоталарымен марапатталып, үлгілі қызметі үшін басшылық тарапынан бірнеше мәрте алғыс алған. Әрбір мұндай марапат — оның төзімділігінің, сабырлылығының және сертке адалдығының айқын дәлелі.

Бүгінде отставкадағы милиция майоры болса да, ол әлі де тың, бойында қуаты мен сергектігі тасыған, нағыз офицердің мәртебесін де, әйел затының нәзіктігін де тең ұстап отырған аяулы жан.

ШҚО ПД баспасөз қызметі