ШҚО ПД-да гарнизондық жиын өтті: қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтілді

ШҚО ПД-да гарнизондық жиын өтті: қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтілді

ШҚО ПД-да гарнизондық жиын өтті: қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтілді

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде жеке құрамның гарнизондық жиыны өтті. Шараны ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Тауфиков Рифхат Шафихович өткізді.

Жиын барысында қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Жеке құрамға қызмет көрсетілетін аумақта бақылауды күшейту, бөліністердің дайындығын арттыру және кез келген құқық бұзушылықтарға жедел ден қою бойынша міндеттер жүктелді.

Бөлініс басшыларына қызметтердің үйлесімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, жедел жағдайға күнделікті талдау жүргізу және профилактикалық жұмыстарды жандандыру тапсырылды. Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың көп жиналатын орындарын бақылауға ерекше назар аударылды.

Рифхат Тауфиков атап өткендей, заңдылық, тәртіп пен азаматтардың тыныштығы полиция қызметінің басты нәтижесі болуы тиіс.   

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі