
Шығыс Қазақстан полициясындағы көктем мерекесі
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Полиция департаментінде жылылық пен алғысқа толы ерекше мерекелік атмосфера орнады. ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рифхат Тауфиков әкімшілік полиция, қоғамдық қауіпсіздік және көші-қон қызметі басқармаларының әйелдер ұжымын құттықтады.
Жанды дауыстағы музыка әуенімен барлық әйелдер қауымына: айбынды офицерлерден бастап, бөліністердегі тазалық пен тәртіпті сақтап жүрген техникалық қызметкерлерге дейін жылы лебіздер білдірілді. Рифхат Шафихұлы әрбір қызметкердің қосқан үлесі — бүкіл өңірлік полицияның үйлесімді жұмысының берік іргетасы екенін атап өтті.
«Қызметте мінсіз кәсіби маман бола отырып, сонымен бірге аяулы ана мен сүйікті жар болып қалу — бұл нағыз күнделікті ерлік», — деді ол.
Дәл осы болаттай төзімділік пен әйелге тән нәзіктіктің ұштасуы ер-азамат әріптестерінің шынайы сүйіспеншілігі мен құрметін тудырады.
Кездесу соңында, көктемгі әуендер аясында әрбір аруға гүл шоқтары табыс етілді. Басшылық әріптестеріне зор денсаулық, сарқылмас қуат және отбасылық береке-бірлік тіледі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі