Көктемгі ілтипат: ШҚО-да әйел полицейлерге құрмет көрсетілді

Көктемгі ілтипат: ШҚО-да әйел полицейлерге құрмет көрсетілді

Көктемгі ілтипат: ШҚО-да әйел полицейлерге құрмет көрсетілді 

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қазбек Тақжанов Тергеу басқармасы мен Анықтау басқармасының басшыларымен бірге бөлімшелердің әйел қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында қызметкерлердің кәсібилігі, жауапкершілігі және қызметке деген адалдығы үшін алғыс сөздер айтылды. Қазбек Мұхтарұлы әйел полицейлердің еңбегі үлкен төзімділік пен табандылықты талап ететінін атап өтіп, олардың қызметі бөлімшелердің беделін арттыруға зор үлес қосып келе жатқанын жеткізді.

«Сіздер күн сайын жоғары кәсібилік пен қызметке деген адалдықтың үлгісін көрсетіп келесіздер. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында қызмет сенімді, ал ұжым бірлікте жұмыс істеп келеді», — деді ол.

Кездесу соңында қызметкерлерге зор денсаулық, қуаныш, отбасылық жылулық, көктемгі көңіл-күй және қызметтерінде жаңа табыстар тілінді.

 

ШҚО ДП баспасөз қызметі