Шығыс сақшыларынан ерекше тарту!

Шығыс сақшыларынан ерекше тарту!

Шығыс сақшыларынан ерекше тарту! 

Көктемнің шуақты мерекесі — 8 наурыз қарсаңында ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының жігіттері нәзік жандылардың жүрегіне жылулық сыйлауға асықты.

Бүгін олар жол ережесін бұзғандарды емес, аяулы аруларымызды тоқтатып, көктемнің алғашқы гүлдері мен жылы лебіздерін арнады. Тәртіп сақшылары қызмет бабында қатал болғанымен, жүректері мейірім мен ізгілікке толы.

Видео соңындағы темір тұлпарлардан құралған «жүрек» бейнесі — біздің барша аналар мен аруларға деген шексіз құрметіміздің белгісі.

Жолдарыңыз ашық, көңіл-күйлеріңіз әрқашан көтеріңкі болсын!

 


ШҚО ДП баспасөз қызметі