1 наурыз — Ішкі істер органдары криминалистикалық қызметінің құрылған күні

1 наурыз — Ішкі істер органдары криминалистикалық қызметінің құрылған күні

1 наурыз — Ішкі істер органдары криминалистикалық қызметінің құрылған күні

Облыстық Полиция департаментінің мұражайында Ішкі істер органдары криминалистикалық қызметінің құрылған күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік кездесуді Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Тақжанов Қазбек Мұхтарұлы өткізді.

Қызметтің тарихы 1919 жылғы 1 наурыздан бастау алады. Бір ғасырдан астам уақыт ішінде жедел-криминалистикалық бөлімшелер қылмыстарды ашу мен тергеу жүйесіндегі маңызды буынға айналды. Олардың жұмысы жоғары дәлдікті, кәсіби білімді және асқан жауапкершілікті талап етеді.

Іс-шара барысында қызмет ардагерлеріне ерекше алғыс білдірілді. Дәл осы ардагерлер бөлімшелердің қалыптасуының бастауында болып, әдістемелік негізін қалап, заманауи сараптамалық зерттеу түрлерін енгізіп, жинақталған тәжірибелерін жас мамандарға табыстады.

Мереке аясында ардагерлер, зейнеткерлер және қызмет атқарып жүрген мамандар көпжылдық адал еңбегі мен қызметтің дамуына қосқан үлесі үшін алғысхаттармен және құрмет грамоталарымен марапатталды. ҚР ІІМ-нің алғысхаттарымен бөлімше ардагерлері атап өтілді. Барлығы 9 құрмет грамотасы және 7 алғысхат табысталды.

Сондай-ақ бес қызметкерге Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сот сараптамалары институтында оқуды аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды. Бұл — олардың кәсіби дамуының кезекті маңызды бөлігіне айналды.

Салтанатты шараның көркін Департамент хоры мүшелерінің шағын концерті толықтырып, қатысушыларға жылы әрі мерекелік көңіл күй сыйлады.

Криминалистикалық қызмет бүгінгі күні де құқық қорғау жүйесінің сенімді тірегі болып қала береді. Әрбір сараптаманың артында ақиқатты анықтауға және әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған мамандардың тынымсыз еңбегі жатыр.

 

 

ШҚО ДП баспасөз қызметі