Қазақстан Республикасының өңірлеріне шетелдік азаматтарды іссапарға жіберу бойынша жадынама

Қазақстан Республикасының өңірлеріне шетелдік азаматтарды іссапарға жіберу бойынша жадынама

Қазақстан Республикасының өңірлеріне шетелдік азаматтарды іссапарға жіберу бойынша жадынама

Шетелдік қызметкерді Қазақстан Республикасы бойынша іссапарға жіберу аумақтық ұстаныммен шектеледі: жұмысқа рұқсат құжаты тек ол берілген өңірде ғана жарамды.

Қызметкер осы облыстан тыс жерде бір күнтізбелік жыл ішінде жиынтығы 90 күнтізбелік күннен аспайтын уақыт бола алады.

Аталған мерзімнен асып кеткен жағдайда, жұмыс беруші тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жұмыс істеуге қосымша рұқсат алуға міндетті.

Маманның әрбір қозғалысы кезінде қабылдаушы тарап үш жұмыс күні ішінде
- vmp.gov.kz ;
- ⁠ eQonag.kz
порталдары арқылы көші-қон қызметіне хабарлауға міндетті.

Іссапар күндерін қатаң есепке алу және электрондық хабарламаларды уақытылы беру — көші-қон режимін сақтаудың және ұйым үшін әкімшілік тәуекелдерді болдырмаудың негізгі шарттары болып табылады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі