
Мемлекет басшысы 2026 жылды цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту жылы деп жариялады. Озық технологияларды енгізу елдің барлық салалардағы, оның ішінде ішкі істер органдары жүйесіндегі әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.
Өткен жылдың қараша айынан бастап Ішкі істер министрлігі «Qyzmet-Police.kz» онлайн-платформаны іске қосты, бұл ішкі істер органдарына қызметке кіру процесін толығымен автоматтандырады.
Платформа барлық бос жұмыс орындарын біріктіріп, қашықтықтан құжаттарды тапсыруды, сондай-ақ үміткерлерді іріктеу кезеңдерін онлайн бақылауды қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, «Qyzmet-Police.kz» әрбір лауазым бойынша жалақы мен тұрғын үй төлемдерінің мөлшері туралы өзекті ақпаратты қамтиды.
Пайдаланушылар өтініштің күйін нақты уақыт режимінде — өтініш беруден бастап сұхбатқа шақыруға дейін бақылай алады.
Халықты ақпараттандыру мақсатында платформаға көшуді қамтамасыз ететін QR-коды бар ақпараттық парақша әзірленді «Qyzmet-Police.kz» онда қазақ және орыс тілдерінде қызметке кіру шарттары мен тәртібі туралы бейнематериалдар мен толық ақпарат орналастырылған.
ШҚО ПД баспасөз қызметі