
ШҚО құқық қорғау органдары есірткі қылмысына қарсы күресте өзара іс-қимылды күшейтуде
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті. Оған Полиция департаменті бастығының орынбасары Қазбек Тақжанов қатысты.
Кеңес жұмысына Сот сараптамалары институтының өкілдері мен Өскемен қалалық Полиция басқармасының тергеу бөліністері қатысты. Сонымен қатар, талқылауға бейнеконференцбайланыс режимінде аудандық полиция бөлімдері қосылды.
Жиын барысында есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудің өзекті мәселелері, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылдың түйінді сұрақтары талқыланды. Қатысушылар есірткі қылмыстарын тергеу саласындағы бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру үшін құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастық пен үйлестіруді нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша алдағы өзара іс-қимыл бағыттары айқындалып, нақты ұсыныстар әзірленді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі