
ШҚО-да полицейлер заңсыз такси қызметінің жолын кесті
«Қауіпсіз жол» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Шемонаиха ауданының полиция қызметкерлері заңсыз кәсіпкерлік фактісінің жолын кесті.
Рейдтік тексерулер барысында Volkswagen маркалы автокөлігі тоқтатылды. Полицейлер көлік жүргізушісінің жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей және такси қызметін көрсетуге тиісті рұқсат құжаттарынсыз жолаушыларды тасымалдаумен айналысқанын анықтады.
Кәсіпкерлік қызметпен тіркеусіз және арнайы рұқсатсыз айналысқаны үшін құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция заңсыз тасымалдау салық заңнамасын бұзып қана қоймай, жолаушылардың қауіпсіздігіне де қатер төндіретінін ескертеді. Өйткені мұндай жүргізушілер рейс алды медициналық тексеруден, ал көлік құралдары тиісті техникалық байқаудан өтпейді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі