
ШҚО ПД-да жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жол инфрақұрылымын цифрландыру мәселелері қаралды
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Тауфиков Рифхат Шафихұлының төрағалығымен тасжолдардың иелері мен мердігер ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірдің жол саласын одан әрі цифрландыру мәселелері қаралды. Атап айтқанда, жол жүрісі қағидаларын бұзуды автоматты түрде тіркеу жүйелерін енгізу және кеңейту, сондай-ақ реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелеріне көлденең жол белгілерінің проекциялық құрылғыларын орнату шаралары талқыланды.
Өскемен қаласындағы Сәтпаев даңғылы бойында екі деңгейлі көлік айрығын салу жобасын іске асыруға және жол қозғалысын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының тасжолдарында апаттылықты азайтуға және қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар практикалық шешімдер әзірленді.
Қол жеткізілген келісімдер іске асыру жол-көлік оқиғаларының алдын алу тиімділігін арттыруға және облыстың қауіпсіз әрі заманауи жол инфрақұрылымын дамытудың жүйелі тәсілін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі