Өскемен қаласында 150-ден астам ата-ана полициямен балалардың интернеттегі қауіпсіздігін талқылады

Өскемен қаласында 150-ден астам ата-ана полициямен балалардың интернеттегі қауіпсіздігін талқылады

Өскемен қаласында 150-ден астам ата-ана полициямен балалардың интернеттегі қауіпсіздігін талқылады

«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ШҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласындағы мектептердің бірінде өткен ата-аналар жиналысына қатысты. Полициямен өткен диалогқа 150-ден астам ата-ана қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы балалар мен жасөспірімдерді интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлерден қорғау болды.
Полицейлер кибералаяқтық мәселелеріне толық тоқталып, кәмелетке толмағандарды алдаудың ең көп таралған схемалары, соның ішінде жасөспірімдерді дропперлік қызметке тарту туралы айтып берді, сондай-ақ қолданыстағы заңнамада қарастырылған жауапкершілік шараларын түсіндірді.

Кибербуллинг мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Ата-аналарға онлайн-қуғындауды (травля) қандай белгілер арқылы тануға болатыны, мұндай жағдайларда қалай дұрыс әрекет ету керектігі және мұндай фактілерді назардан тыс қалдырмаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Кездесуді қорытындылай келе, полиция қызметкерлері тек отбасының, мектептің және полицейлердің бірлескен күш-жігері ғана құқық бұзушылықтың алдын алуға және өскелең ұрпақтың интернет желісінде жауапты әрі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі