ШҚО ПД-да «Динамо» ДШСҚ қызметінің қорытындысы шығарылды

ШҚО ПД-да «Динамо» ДШСҚ қызметінің қорытындысы шығарылды

          ШҚО ПД-да «Динамо» ДШСҚ қызметінің қорытындысы шығарылды

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы облыстық филиалы Президиумының отырысы өтті. Кеңес ШҚО Полиция департаментінің бастығының төрағалығымен, басқармалар басшылығының, сондай-ақ қалалық және аудандық полиция органдары басшыларының бейнеконференцбайланыс режиміндегі қатысуымен ұйымдастырылды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе қоғамның өткен 12 айдағы қызметіне талдау жасау болды. Атқарылған жұмыстар туралы «Динамо» ДШСҚ төрағасының бірінші орынбасары Сағадиев Нұрбек Кенжебекұлы толық баяндама жасады.

Талқылау барысында құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында бұқаралық спортты дамыту нәтижелері мен өткізілген турнирлердің тиімділігі атап өтілді. Отырысқа қатысушылар алдағы кезеңге жеке құрамның дене шынықтыру даярлығын нығайту бойынша басым міндеттерді айқындады, сондай-ақ 2026 жылы ақпанда Астана қаласында өтетін «Динамо» ДШСҚ Қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс Конференциясына дайындық бойынша ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Кездесуді қорытындылай келе, Департамент бастығы Ерлан Омарбеков динамолық қозғалысты дамыту қызметкерлердің жауынгерлік рухы мен кәсіби шеберлігін қалыптастырудың маңызды құралы болып қала беретінін атап өтті.

Спорттық базаны жетілдіру және жеке құрамды белсенді жарыстық қызметке тарту өңірде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтік міндеттерді орындау кезінде бөлімшелердің жоғары жауынгерлік әзірлігінің кепілі болып табылады.


                                                                                                                                                                                       ШҚО ПД баспасөз қызметі