
Лайктан жауапкершілікке дейін: ШҚО полицейлері жасөспірімдерге интернет-қылмыстардың қаупін түсіндірді
«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ювеналды полициямен бірлесіп, облыс орталығындағы мектептердің бірінде оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді.
Жасөспірімдермен диалог ашық әрі қолжетімді форматта құрылды. Бұл цифрлық кеңістіктегі және күнделікті өмірдегі қауіпсіз мінез-құлыққа қатысты жастар үшін ең өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандарды интернет-қатерлерден қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Полицейлер дропперлік деген не екенін, жасөспірімдерді заңсыз қаржылық схемаларға қалай тартатынын, сондай-ақ мұндай «жеңіл табыстың» қандай ауыр құқықтық салдарға әкеп соқтыратынын түсіндірді. Сонымен қатар, кибербуллинг тақырыбы — онлайн-қудалауға қарсы тұру жолдары және оған қатысуға жол берілмейтіні туралы сөз болды.
Нақты мысалдар арқылы оқушыларға зиянсыз еркелік пен құқық бұзушылықтың арасындағы шекара жайлы көрнекі түрде түсіндіріліп, қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.
Кездесу соңында полиция қызметкерлері өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Мұндай профилактикалық іс-шаралар жасөспірімдердің заманауи қауіп-қатерлер туралы хабардарлығын арттыруға және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға ықпал ететінін жеткізді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі