Қауіпті басып озу: ШҚО-да қайталанған бұзушылық қайғылы жағдайға ұласуға шақ қалды

Қауіпті басып озу: ШҚО-да қайталанған бұзушылық қайғылы жағдайға ұласуға шақ қалды

                                                                                          Қауіпті басып озу: ШҚО-да қайталанған бұзушылық қайғылы жағдайға ұласуға шақ қалды

Өскемен – Риддер тасжолында жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу фактісі тіркелді. Toyota Alphard маркалы автокөліктің жүргізушісі басып озу манёврін жасаудың қауіпсіз екеніне және қарсы бағытта келе жатқан көлікпен арақашықтықтың жеткілікті екендігіне көз жеткізбей, қарсы қозғалыс жолағына шыққан.

Жүргізушінің ойланбай жасаған әрекеті өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіріп, апаттық жағдайдың туындауына себеп болды. Аталған бұзушылық бір жыл ішінде қайталанып жасалғаны белгілі болды.

Оқиға бойынша жүргізуші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мұндай қауіпті манёврлер қыс мезгілінде ерекше қауіп тудырады. Қарлы боран, ұйытқыған қар мен көру мүмкіндігінің шектелуі жол жағдайын уақытылы бағалауға және қарсы бағыттағы көлік құралдарын байқауға кедергі келтіріп, ауыр жол-көлік оқиғаларының орын алу қаупін едәуір арттырады.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті барлық жүргізушілерді барынша сақ болуға, Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және қолайсыз ауа райы жағдайларында, әсіресе қарсы бағытқа шығумен байланысты қауіпті басып озулардан бас тартуға шақырады.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі