Ізін суытпай: ШҚО-да полиция бірнеше сағат ішінде BMW көлігін айдап кеткен ұрыны ұстады

Ізін суытпай: ШҚО-да полиция бірнеше сағат ішінде BMW көлігін айдап кеткен ұрыны ұстады

                                                                                         Ізін суытпай: ШҚО-да полиция бірнеше сағат ішінде BMW көлігін айдап кеткен ұрыны ұстады

5 қаңтар күні сағат 18:55-те «102» арнасына қала тұрғыны хабарласып, оның «BMW» маркалы автокөлігін белгісіз біреудің заңсыз иемденіп кеткенін хабарлаған. Құқықбұзушылық салдарынан жәбірленушіге шамамен 2 000 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Жедел іздестіру шаралары барысында ШҚО ПД Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары мен ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірлесіп, Өскемен – Алтай тасжолының 38-шақырымында іздеудегі автокөлікті тоқтатып, ұстады. Көлік тізгінінде бұрын сотталған 31 жастағы азамат болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті әрі қарай процессуалдық іс-қимыл жүргізу үшін Өскемен қалалық Полиция басқармасына жеткізілді.

Шығыс Қазақстан облысының полициясы көлікті ұрлау және айдап кету оқиғаларының алдын алу үшін кілтті көлікте қалдырмауды және тіпті қысқа уақытқа болса да ашық тастап кетпеу керектігін ескертертеді.

Мүмкіндігінше көлікті бейнебақылау камераларымен жабдықталған жерлерге қойып, қосымша қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі